Қысқы Универсиада-2023 ойындарында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді
399

Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Ұлыбритания құрамасына қарсы ойнады.
Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашты, артынша британиялықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Содан кейін Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты – Батырлан Мұратов дубль жасаса, Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко мен Артем Королев мергендік танытты.
Екінші кезеңде отандастарымыз қарсылас қақпасына тағы жеті шайба енгізіп, тас-талқанын шығарды. Гол авторлары – Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов және Гавриленко (дубль).
Үшінші бөлімде Полохов матчтағы екінші шайбасын соғып, есепті еселеді – 14:1. Матч нүктесін Мұхаметов қойып, есепті 15:1-ге жеткізді.