Қысқы Универсиада-2023 ойындарында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді

410

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы Американың Лейк-Плэсиде қаласында Универсиада-2023 турнирі аясындағы үшінші матчын өткізіп, 15:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Ұлыбритания құрамасына қарсы ойнады.

Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашты, артынша британиялықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Содан кейін Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты – Батырлан Мұратов дубль жасаса, Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко мен Артем Королев мергендік танытты.

Екінші кезеңде отандастарымыз қарсылас қақпасына тағы жеті шайба енгізіп, тас-талқанын шығарды. Гол авторлары – Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов және Гавриленко (дубль).

Үшінші бөлімде Полохов матчтағы екінші шайбасын соғып, есепті еселеді – 14:1. Матч нүктесін Мұхаметов қойып, есепті 15:1-ге жеткізді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.