Шахматтан Қазақстан құрамасы Олимпиада үздіктерінің қатарына енді

2 575

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы20 қыркүйек  Будапеште (Венгрия) өтіп жатқан шахмат Олимпиадасының сегізінші раунды аяқталды. Қазақстан құрамасы Олимпиада үздіктерінің қатарына енді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстанның әйелдер құрамасы турнир кестесінде төртінші орында тұрған Францияның ұлттық командасымен кездесті. 8-ші раундта Қазақстан атынан: Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Амина Каирбекова және Алуа Нұрман шықты.

Бірінші партияда Меруерт Камалиденова франциялық Софи Мильемен ойнады. Франция шахматшысы ұтты.

Келесі екі партияда команда капитаны Бибісара Асаубаева Дейманта Даулите-Корнетті, Алуа Нұрман Полина Гишарды жеңді. Осылайша олар құрама қоржынына 2 балл қосты.

Соңғы партияда Амина Каирбекова мен Наташа Бенмесба кездесіп, ойын тең аяқталып, екі командаға жарты балдан берілді.

Төрт партияның қорытындысы бойынша 2,5:1,5 есебімен Қазақстан ұлттық командасы жеңіске жетіп, Үндістан, Польша командаларымен бірге үздіктер қатарына қосылды.

Тоғызыншы раундта Қазақстан құрамасы турнир кестесінде екінші тұрған Польша командасымен кездеседі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.