20 жастағы қазақ киберспортшысы әлемдік аренада үздік атанып 1 млн доллар ұтып алды

2 588

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:HLTV.orgҚазақстандық жас киберспортшы, 20 жастағы Данил Голубенко Қытайдың Чэнду қаласында өткен халықаралық IEM Chengdu турнирінде жеңіске жетіп, 1 миллион АҚШ долларын (шамамен 524 миллион теңге) иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Данил жарыс барысында жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атанды. Бұл оның халықаралық деңгейдегі екінші ірі жеңісі. Бұған дейін, қыркүйек айында өткен Fissure Playground 2 турнирінде де чемпион атанып, үздік ойыншы атағын иеленген болатын. Осылайша, ол бір жыл ішінде қатарынан екі ірі халықаралық жарыста MVP атағын алған санаулы киберспортшылардың бірі атанды.

Семей қаласының тумасы Данил Голубенко Қазақстанның атын әлемдік киберспорт аренасында танытып жүр. Әр жарысқа ол елдің көк туын өзімен бірге алып шығады.

2024 жылдың 8 қаңтарында ол ТМД кеңістігінде танымал АМКАЛ командасының құрамына қосылған. Сербияда өткен алғашқы оқу-жаттығу жиынында Голубенко интернеттің төмен пингімен (100-ден аз) ойнап, өз шеберлігімен шетелдік қарсыластарын тәнті еткен.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.