Роналду ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтаған Мессиге жылы лебізін білдірді

2 506

Фото: GettyimagesӘйгілі футболшы, 8 алтын доп иегері Лионель Месси жуырда Аргентина ұлттық құрамасы сапындағы карьерасын аяқтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оның күні бүгінге дейін қарсыласы болып келген португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду желідегі жазбасына қолдау білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Лионель Месси 6 қазан күні Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұлттық құрамадағы соңғы ойынын өткізіп, ресми түрде карьерасын аяқтады.

«Лео, сен осыншама жыл еліңнің намысын қорғап, өшпес тарихын жаздың. Аргентина құрамасы сапындағы жетістіктеріңе құрметім шексіз. Құшақтадым», – деп жазды Криштиану Роналду.

Португалиялық ойыншының бұл пікір жанкүйер тарапынан кең қолдау тауып, 4 млн 300 мыңнан аса адам лайк қойды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.