"Балуан Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты."

323
Еркін күресте еліміздің намысын қорғайтын балуан Данияр Қайсанов Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Жапония балуаны Кейсуке Отогуроны жеңіп, ширек финалға шықты.

Ширек финалда Қайсанов мысырлық Рамадан Хуссенмен кездеседі. Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан спортшыларының 5 тамызға арналған жарыс кестесі жария етілген болатын. Данияр Қайсановтан бөлек, бүгін спорттың әр түрінен еліміздің намысын қорғайтын спортшылар қатарында Сәкен Бибосынов, Артем Захаров, Григорий Шейко, Павел Ильяшенко, Мөлдір Жаңбырбай және Нұрислам Санаев бар. Сол арада Токиодағы Олимпиадада тәуліктік SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайының максималды көрсеткіші тіркеліп отырғаны хабарланды. 24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.