Универсиададан Қазақстандық спортшылар қоржынға қанша медаль салды?

360
2023 жылғы қысқы Универсиадада қазақстандық спортшылар 11 жеңіп медаль алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазақстандық спортшылар үш алтын, төрт күміс, төрт қола медаль алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде он бірінші орынға тұрақтады.

Медальдар кестесінде 48 медальмен (21-17-10) Жапония көш бастаса, одан кейінгі Оңтүстік Кореяның 29 (12-8-9) және Канаданың 13 (6-1-6) медалі бар.

Ел құрамасынан биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков, шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев чемпиондық тұғырға көтерілді.

Екінші орын биатлоншы Александр Мухин, шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев пен Сергей Ткаченко (командалық жарыс), шорт-тректен аралас эстафета (Яна Хан, Мәлика Ермек, Алина Әжіғалиева, Әлішер Абулкатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамұқанов) және шорт-тректен ерлер құрамасына (Санжар Жанысов, Антон Хван, Әлішер Абулкамитов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұқанов және Валерий Клименко) бұйырды.

Ал қола жүлдеге биатлоншы Александр Мухин, шаңғышы Ксения Шалыгина, шаңғымен жарысудан әйелдер құрамасы (Айша Рақышева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина) және хоккейден ерлер құрамасы қол жеткізді.

Келесі 2025 жылғы қысқы Универсиада Италияның Турин қаласында өтпек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.