Қазақстан ұлттық құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды

2 514

Фото: gov.kzМинистр спортшылармен, жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесіп, алдағы ойындарға сәттілік тіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Париж Олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғау деген маңызды әрі өте жауапты міндет тұр. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпия ойындарының 79 жүлдегерін, оның ішінде 15 Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарды. Олимпиададағы жетістіктер – бүкіл елдің әлемдегі имиджі, мемлекеттің әл-ауқатының көрсеткіші, ең бастысы, бұл – сіздердің көпжылдық және қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі», –  деді Ермек Маржықпаев.


Спортшылар жалпы үш оқу-жаттығу жиынын өткізген – екеуі елімізде, біреуі шетелде.


Франция астанасында 80 спортшымыз спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады.