Әлем чемпионы Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 11 КО) WBC титулының иегері Джермалл Чарлоның (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шақыртуын қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келетінін хабарлаған еді. Өз кезегінде қазақ боксшысы оған өз жауабын берді
Cоңғы жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, екінші чемпиондық белбеудің иегері атанды.
Қаз
Рус






