Қазақстан чемпионы Pro Hokei Ligasy кубогымен марапатталады

312

Фото: Prosports.kz.Хоккейден ел чемпионатының басты жүлдесі жаңа тың стильге ие болып, жеңімпаздан жеңімпазға өтетін болды.

Кубоктың табаны хоккейшінің конькимен сызғылаған мұз айдынына ұқсайтын болаттан жасалады. Түбі бағалы ағаш түрлерінен жасалып, хоккей алаңдары түріндегі тақтайшалармен безендіріледі. Оларға алдағы уақытта жеңімпаз командалардың атаулары ойылып жазылады.

Кубоктың тостағаны болаттан әзірленіп, алтын жалатылған. Оны жеңістен кейін көтерілген хоккей таяқшалары тіреп тұрады. Осы конструкцияның барлығы шайба түрінде әзірленген орталық шайба лақтыру шеңберіне орныққан.

Тостағанның ішінде ұрпақтар сабақтастығын, тұтастық пен бір ортаға бірігуді сипаттайтын шаңырақ бейнеленген.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.