Дастан Сатпаев алғаш рет негізгі құрамда ойнады

2 505

Фото:  Х/officialbantams2026 жылғы 27 тамызға қараған түні Брэдфордтағы "Вэлли Пэрейд" стадионында Англия Лигасы кубогының екінші кезеңі аясында "Брэдфорд Сити" мен "Бернли" кездесті. Қазақстандық Дастан Сатпаев "Бернли" сапында алаңға шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы матчты негізгі құрамда бастап, жаңа командасы үшін алғаш рет алғашқы минуттардан ойнады. Сатпаев алаңда шамамен 80 минут болып, кейін алмастырылды.

Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл кезеңде "Брэдфорд Сити" 4:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Ал "Бернли" турнирден шығып қалды.

Осылайша, Дастан Сатпаев "Бернли" сапында алғаш рет негізгі құрамда ойнаған матчында командасымен бірге Англия Лигасы кубогындағы жолын аяқтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.