Суперлига клубтары өз мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді

294

Фото: Prosports.kz.Бір күн бұрын Суперлига құрғанын жариялаған Еуропаның 12 үздік клубы ұйымдардың жаңа турнирге кедергі келтірмеуі үшін заңды талаптарын дайындайтыны туралы УЕФА мен ФИФА-ны хабардар етті.

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Ағылшын, итальян және испан клубтары ФИФА президенті Джанни Инфантино мен УЕФА президенті Александр Чеферинге жолдаған ашық хатында лиганы қолдау мақсатында 4 миллиард еуро көлемінде қаржы қарастырылғанын мәлімдеді.

«Сіздердің ресми мәлімдемеңіз бізді қорғану шараларын қолдануға мәжбүр етеді. Өйткені бұл біздің қаржылық міндеттемелерімізге қауіп төндірумен қатар, заңсыз әрекет саналады. Сол себепті SLCo (Super League Company) тиісті орындарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес бәсекелестіктің кедергісіз ұйымдастырылуы және өткізілуін қамтамасыз ету туралы өтінішхат берді», - делінген хатта.

Естеріңізге сала кетейік, еуропалық 12 топ-клуб - «Милан», «Арсенал», «Атлетико», «Челси», «Барселона», «Интер», «Ювентус», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал» мен «Тоттенхэм» 
 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.