Ауғаныстанның танымал футболшысы Кабулдан ұшқан америкалық ұшаққа жармасып, ажал құшты

535
Ауғаныстан жастар құрамасының футболисі Заки Анвари елден қашпақ болып, ұшақ шассиіне жармасқандардың бірі болған. Алайда бұл жайтты соңы қайғылы аяқталған деп жазады. 

Басылымның жазуынша, аталған ақпаратты журналист Бабак Тагваее өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған.

Жас спортшы әуеге ұшқан С-17A америкалық әскери ұшағына жармасқандардың бірі болған.

Журналист Закидің ұшақтың шассиіне шығып алғанын айтады. Артынша дәл сол жерден оның денесі табылған.

17 тамыз күні Reuters агенттігі BBC-ге cілтеме жасай отырып, Кабулден келген С-17 ұшағының шассиіндегі қуыста өлген адамның сүйегі табылғанын мәлімдеген болатын.

Дәл сол күні желіде осы ұшаққа жармасқан қара халықтың видеосы тараған еді. Бұдан бөлек, ұшақ ішінен түсірілген тағы бір видеодан ұшақ қанатында ер адамның жармасып тұрғанын көруге болады.

The New York Times басылымының ақпараты бойынша, ұшақ қанатында адам сүйегі табылғанын көрген америкалық ұшқыштарға психологиялық көмек қажет болған.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәліптер Кабулға кіргеннен кейін ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті. Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды.

Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған. Сондай-ақ, Гани енді ауған халқының "өмірі мен мүлкі" үшін тәліптер жауап беретінін атап өтті. Ал елдің вице-президенті Амрулла Салех елде қалғанын мәлімдеді.

Twitter-дегі парақшасында ол ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін жазды.

 Сонымен бірге, Амрулла Салех өзін елдің уақытша басшысы деп жариялап, тәлібтерге қарсы тұруға шақырды.