Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды құттықтады

355

IBF және IBO нұсқалары бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды құттықтады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Головкин өзінің Twitter парақшасында: 

"Сербияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді де, жаттықтырушыларды да, Кеңес Хамитов басқаратын федерацияны да лайықты нәтиже көрсеткені үшін құттықтаймын. Алдағы Азия ойындарына сәтті дайындық тілеймін", - деп жазба қалдырды.

Еске салайық, жуырда Белградта өткен әлем біріншілігінде қазақстандық боксшылар 5 медаль, оның ішінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов пен 51 келіге дейін салмақта Сәкен Бибосынов алтын медаль алса, күміс алқа Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановқа бұйырды. Ал жалғыз қола медальді құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов жеңіп алды. Медальдік есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға жайғасты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.