Токио Олимпиадасынан жүлдемен оралған Сметов су жаңа темір тұлпар иеленді
369
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметов елге оралды. Қазақстанның абыройын асқақтатқан спортшыға ел ағалары көлік сыйлады.
Елдос Сметов мінген ұшақ бүгін Алматыға таңғы 5-тің шамасында қонған.
Күллі Алаштың мерейін асырған жерлесімізді туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері, эстрада жұлдыздары сырнайлатып-кернейлетіп қарсы алды. Ал спортшыға қолдау білдірген тілеулестірінің енді бір тобы оған, ерлігі үшін көлік сыйлады.
"Олимпиада өте жақсы өтті. Қуаныштымыз. Осындай жетістікке қол жеткіздік, Аллаға шүкір. Өте қуанышты сезімдемін. Сезімді сөзбен айтып, жеткізе алмаймын енді", - деді олимпиада жүлдегері.
Елдос Сметов Токио төрінде өткен додада әлемнің үздік дозюдошыларымен тайталасып, тағы бір мәрте мықтылығын дәлелдеді.
Ол жартылай финалға дейін бар күшін-жігерін сарп етті. Дегенмен бұл жолы спортшымыз сыр-алғы қарсыласы, жапон өкілі Нао-хиса Така-тодан аз ғана ұпайпен ұтылып қалды.