Әли Ахмедовтың қашан рингке шығатына белгілі болды

441
Боксшы Әли Ахмедовтың қашан рингке шығатына белгілі болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

17 желтоқсанда Мбилли төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен америкалық Вон Александерді (17-7, 10 КО) жеңген, енді қазақстандық Ахмедовпен келесі жекпе-жегі 2023 жылдың көктемінде өтпек. Бұл туралы BoxingNewsQC Twitter-дегі аккаунтынан хабарланды.

«Ол (Мбилли) наурыз айында Әли Ахмедовпен WBC элиминаторында жұдырықтасады.Осылайша, Ахмедов-Мбилли жекпе-жегінің жеңімпазы қазіргі уақытта мексикалық Сауль «Канело» Альварес иеленетін WBC супер орта салмақтағы титулына ресми үміткер атанады», - деп жазылған ресурста.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы бұған дейінгі жекпе-жегінде америкалық Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңіп, WBC Silver және IBF North American бос титулдарын жеңіп алды. Сондай-ақ ол «GGG-Канело» бокс кешіндегі жекпе-жегін де жеңіспен аяқтаған еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.