Анастасия Городко әлем чемпионы атанды

2 666

Фото: 24.kzҚоржынымызға фристайлдан әлем чемпионатының алтыны түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Анастасия Городко - әлем чемпионы. Алматы қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түсті. Оны тағы да Анастасия Городко жеңіп алды. Қазақстандық спортшы бұл жолы параллельді могул бағытында сынға түскен еді. Анастасия ақтық сында америкалық Риз Чапделайнмен бірге алтын жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде жерлесіміз үздік нәтиже тіркеді. Қола жүлде тағы бір америкалық Эбби Макларнонға бұйырды. Осылайша қоржынымыздағы медаль саны екеуге жетті. Яғни осының алдында Анастасия фристайл могул бағытында күміс жеңіп алған болатын. Соның арқасында Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.