Әлем чемпионатында үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

243
Бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов және Нұрлан Сапарбай шаршы алаңға шығады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Күндізгі сессияда 1/16 финалда Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда жапониялық Реито Цуцумимен бақ сынасады.

Сондай-ақ, 1/16 финалда Абылайхан Жүсіпов (67 келі) венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездеседі.

Күндізгі сессия елорда уақытымен 17:00-де басталса, кешкісі 22:00-де басталмақ.

Жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.