Жәнібек Әлімханұлы өзінің жекпе-жегіне байланысты «ставка» тігетіндерге үндеу жолдады
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда өтетін жекпе-жегі қарсаңында отандастарына үндеу жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Боксшы көпшілікті құмар ойындарға әуестенбеуге, бәс тігуден аулақ болуға шақырды. «Ставка» қаншама отбасын ойрандап, берекесін қашырып жатқанын атап өтті.
Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасады. Жеңгені WBO, IBF және WBA чемпиондық белбеулерін еліне алып кетеді.
Қаз
Рус






