Темірлан Анарбековтің қолы қойылған допты 12 миллионға сатып алды

1 548

Фото: instagram/@anarbekov_temirlan77Алматылық “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолы қойылған допты аукционға шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде, доп 12 миллион теңгеге сатылды.

Белгілі болғандай, Темірланның қолтаңбасы бар допты “Асар-Уме” қайырымдылық қоры аукционға қойған.

Допты бір кәсіпкер 12 миллион теңгеге сатып алған. Түскен қаржыға жағдайы төмен бір отбасына баспана сыйға берілді.

"Иә, қателеспедіңіздер - дәл осы қаражатқа ізгілік символына айналған доп сатып алынды!
Бұл тек рекорд емес, бұл – жаңа өмірге, мұқтаж отбасының жаңа үйіне қосылған үлкен үлес",- деп жазды Аsarume_kz инстаграм парақшасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.