Темірлан Анарбековтің қолы қойылған допты 12 миллионға сатып алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматылық “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолы қойылған допты аукционға шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде, доп 12 миллион теңгеге сатылды.
Белгілі болғандай, Темірланның қолтаңбасы бар допты “Асар-Уме” қайырымдылық қоры аукционға қойған.
Допты бір кәсіпкер 12 миллион теңгеге сатып алған. Түскен қаржыға жағдайы төмен бір отбасына баспана сыйға берілді.
Бұл тек рекорд емес, бұл – жаңа өмірге, мұқтаж отбасының жаңа үйіне қосылған үлкен үлес",- деп жазды Аsarume_kz инстаграм парақшасында.
Қаз
Рус






