Азия чемпионатында 12 сәуірде қазақстандық бес балуан сайысқа түседі
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін, 12 сәуірде ел құрамасынан бес балуан боз кілемге шығады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Екінші жарыс күнінде қазақстандық Асыл Айтақын (61 келі) иорданиялық Абурумаймен кездессе, Талғат Сырбаз (74 келі) бен жапониялық Такахаши шеберлік байқасады.
Ал 86 келі салмақта Азамат Дәулетбеков Вази Хенг (Камбоджа) пен Вафаейпур (Иран) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Одан кейін Әділет Давлумбаев (92 келі) боз кілемге шықса, Абылай Совет (125 келі) бахрейндік Шариповпен жарысқа түседі.
Айта кетсек, жарыстың алғашқы күні, 11 сәуірде Ризабек Айтмұқан (97 келі) күміс, Мейрамбек Қартбай (57 келі) қола алды.
Ал Азамат Өміржанов (79 келі) қола жүлде үшін талас Асомиддин Хасановқа есе жіберді.
Ал 13-14 сәуір күндері әйелдер, 15-16 сәуірде грек-рим шеберлері боз кілемге шығады.
Құрлықтық додада еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен барлығы 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады.