Астанада жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

2 294

Фото: gov.kzАстанада 4-10 шілде аралығында жастар, жасөсіпірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Азияның 25 елінен келген 300-ден астам жас спортшының басын қосқан жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің аренасында ұйымдастырылады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл беделді құрлықтық чемпионатқа Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және басқа да елдердің өкілдері қатысады. Ең үлкен құрам – Қазақстаннан. Ел намысын 36 спортшы қорғайды.

17-20 жас аралығындағы жас атлеттер ауыр атлетиканың классикалық жаттығулары – жұлқи және серпе көтеру түрінен бақ сынасады. Жеңімпаздар жекелеген жаттығуларда да, қос сайыстың жалпы қорытындысы бойынша да анықталады.

Жарыстың ашылу салтанаты «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 4 шілде күні сағат 17.00-де өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Айта кетейік, Қазақстан ауыр атлетикадан ірі халықаралық жарысқа соңғы рет 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қатысқан болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.