Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испаниямен тең ойнады

2 112

Фото: vk.com/amfr_officialФутзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатын бастады, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ойынды Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы сәтті бастады. Біржан Оразов 7 секундта гол соғып, қазақ жанкүйерлерін қуантты. Алайда ойын барысында бас төреші Дәурен Тұрсағұловқа қызыл қағаз көрсетті.

Бірінші тайм аяқталуына 3 минут қалғанда испандар есепті теңестірді. Бұл голды Гордилло өз еншісіне жазды. 

Екінші таймды да Испания құрамасы шабуылда өткізді. Бірнеше сәтте Игита шеберлік танытып, қақпасын голдан аман алып қалды. Леоның бірер жойқын соққысын испандық қақпашы қайтара білді. 

"Бұл ойын қиын өтті. Испания – фавориттердің бірі. Ұтамыз деген сенім болған. Себебі Өзбекстанда өз үйіміздегідей ойнаймыз. Жанкүйерлерге рақмет", - деді Біржан Оразов ойын соңынан. 

Құраманың бас жаттықтырушысы Кака ойын нәтижесіне көңілі толатынын және жігіттерге риза екенін айтты. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.