Ташкентте қарағандылық 16 жас футболшы ауруханаға түсті

2 500

https://1bol.kz/footballТашкентте қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін қарағандылық 16 жас футболшы ауруханаға түскен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы түсініктеме бердіген. 

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылғы 28 қазан мен 2 қараша аралығында Ташкентте (Өзбекстан) "Dostik Cup" халықаралық футбол турнирі өткен.

Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген командалар қатысқан.

Турнирде Қарағанды облысының намысын үш жас санаты бойынша (2014, 2018, 2019 жылғылар) "Jas Batir", "Nomad Akademiya" және "Skaut" жекеменшік футбол мектептері (клубтары) қорғаған.

Барлығы 60 бала, 32 ата-ана және 4 жаттықтырушы барған. Командалардың іссапар шығындары жеке қаражат есебінен өтелген.

Қазіргі уақытта 16 бала, 1 бапкер және 11 ата-ана ауруханаға жатқызылып, стационарлық ем қабылдап жатыр (№5 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы).

Басқарма аталған азаматтардың Ташкенттегі қонақүйде тұрып, сол жерден тамақтанғанын мәлімдеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.