Шавкат Рахмоновқа лайық қарсылас ұсынылды

1 272

UFC-де өнер көрсететін ирландиялық файтер Иан Гарри залда бірге жаттығатын қазақстандық Шавкат Рахмонов кіммен айқақса шыға алатыны туралы ойын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Шавкаттың америкалық Келвин Гастелуммен қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Қазіргі таңда менеджерлер Рахмоновқа жаңа қарсылас іздеп жатыр. Осы ретте қазақстандықпен АҚШ-тағы Kill Cliff FC залында бірге жаттығатын Иан Шавкат жұдырықтаса алатын бірнеше қарсыласты атады. 


Гастелуммен жекпе-жек Шавкат үшін жақсы болатын еді. Шавкат - мықты жігіт. Өте-мөте жақсы файтер. Мен оны кезегімен бірнше файтерге қарсы айқасын көргім келеді. Шавкаттың Кевин Холландпен жекпе-жегін тамашалар едім. Одан кейін Белал Мухаммадпен жұдырықаса алады.  Кевин Холланд - лайық баға берілмеген қарсылас. Мені қоса алғанда көп файтерге қарсы жекпе-жекте ол жақсы өнер көрсете алады. Оны қауіпті деп есептеймін. Ал Шавкатқа топ-5 тізімге жетуді көздеу керек деген ойдамын. Кевин Холланд айтарлықтай жақсы қарсылас, сондықтан матчмейкер болсам, мен Кевин - Шавкат айқасын ұйымдастырар едім, - дейді ол The Schmo-ға берген сұхбатында. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.