Қазақстандық шахматшы қыздар Польшада өтіп жатқан турнирде бақ сынауда

1 434

Быдгощ қаласында (Польша) жылдам шахматтан (рапид) әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты басталды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.


Қыздарымыз Грузия, Украина, Үндістан, Франция және Мысырмен ойнайды. Алдын ала өткен турнир қорытындысы бойынша екі үздік команда анықталады.


Олар кубок жүйесі бойынша 1-4 орындарды өзара бөліспек.


Бірінші кездесуде қазақстандық шахматшылар Мысыр құрамасын 3:1 есебімен жеңді (Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова жеңіске жетті, ал Ксения Балабаева мен Алуа Нұрманова ойынын тең аяқтады).


Екінші айналымда біздің құрама Үндістан командасын ұтты. Жеңіс ұпайын Әмина Қайырбекова әкелді.


Енді Франция мен Украина командаларымен өтетін келесі екі матч өте маңызды болмақ.