Риота Мурата жеңілісінен кейін Головкин жайлы пікірін айтты

339

Жапон боксшысы Риота Мурата қазақстандық Геннадий Головкинмен болған жекпе-жектен кейін қарсыласы туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап. 

"Мен Головкиннің шеберлігінің деңгейін сезіндім. Оның соққылары алуан түрлі болды. Нағыз күшті сезіндім”, – деді Мурата. 

Еске салайық, Геннадий Головкин Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдарын иеленген еді. Бұған қоса қазақстандық боксшы жапониялық қарсыласына жекпе-жекке киетін шапанын сыйға тартып, чемпион белбеуін қайтарып берді. 

Головкиннің келесі жекпе-жегі қыркүйекте мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы болмақ. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.