Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында жеңіске жетті

415
Түркияның Ыстамбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Өкініштісі сол, биыл алтын жүлде бұйырмады. Негізгі үміт 48 келдегі Алуа Балқыбековада болған. Ол финалда жергілікті Айсе Чагирырмен кездесіп, төрешілер шешімімен есе жіберді.

Нәтижесінде Алуа күмісті қанағат тұтты. Бұған қоса, ұлттық құрама сапындағы Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Валентина Хальзова және Дина Жоламандар жартылай финалда ұтылып, қолда жүлдегер атанды. Осының арқасында қазақстандық қыздар жапыкомандалық есепте 6-орынға тұрақтады.

Топ басында – Ирландия боксшылары. Үздік үштікті Үндістан мен Түркия түйіндеп тұр. Айта кетейік, биылғы бәсекеге 73 елден 300-ден аса қатысушы жиналды және бұл өзіндік рекорд саналады.