Қазақстандық теннисшілер жұптық сында АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты,

503

Фото: Қазақстан теннис федерациясыҚазақстандық теннисшілер жұптық сында АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Александр Бублик даниялық Хольгер Рунемен бірге бастапқы кездесуін америкалықтар Фрэнсис Тиафо - Денис Кудламен өткізді.
Қазақстандық-даниялық жұп 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бублик пен Руне екінші айналымда франциялықтар Кентен Гали - Адриан Маннариномен шеберлік байқасады.
Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге алғашқы айналымда аргентиналықтар Томас Мартин Этчеверри - Себастьян Баэсті тізе бүктірді - 6:1, 7:5. Олар екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің жұптық сындағы жеңімпазы, сальвадорлық Марсело Аревало - «Үлкен дулығаны» төрт рет ұтқан нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен кездеседі.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Андрей Голубев жарыс жолынан шығып қалды. Ол испаниялық Педро Мартинеспен бірге әлемдегі үздік дуэттердің бірі, германиялық Тим Пюц - жаңазеландиялық Майкл Винусқа есе жіберді - 7:6 (7:4), 2:6, 4:6.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.