Әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар үш қола жүлдені иеленді

1 441

Иорданияда өтіп жатқан әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында үш қазақстандық жүлдегерлер қатарынан көрінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.


Жарыстың алтыншы күнінде әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Барлығы қола жүлдені қоржынға салды. Олардың қатарында Лаура Ғаниқызы (50 келі) Зейнеп Баянова (55 келі), Жібекжан Сабыржанова (68 келі) бар.


Ал Мәдина Аман (59 келі) мен Арайлым Алтынбек (76 келі) қола жүлде үшін сайыста қарсыластарына есе жіберіп қойды.


Бүгін, 18 шілдеде әйелдер күресінен 53, 57, 62, 65 және 72 келіде жүлделер сарапқа салынады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.