Дастан Сәтпаевқа “Дарын” жастар сыйлығы табысталды

2 519

Фото:© Мәдениет және ақпарат министрлігі17 жастағы алматылық "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" жастар сыйлығы ресми түрде табысталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Марапатты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Танымал жас спортшы «Спорт» номинациясы бойынша лауреат атанды. Өз сөзінде Аида Балаева оның тек жоғары спорттық нәтижелер көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүргенін атап өтті. Министр жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбегін ерекше бағалаған.

Дастан Сәтпаев «Қайрат» клубының сапында үздік сұрмерген атанып, командасымен бірге ел біріншілігінде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол клубтың еурокубоктық жарыстардағы жетістіктеріне елеулі үлес қосты. Жас футболшы 16 жасында Англияның «Челси» клубынан шақырту алғаны да белгілі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.