Қазақстандық Эльжана Таниева көркем гимнастикадан қола жүлдені иеленді
1 846

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазақстандық гимнаст доппен жаттығула 32,900 ұпай жинап, үздік үштікке енген.
Бұл жаттығуда болгариялық спортшылар алдына жан салмады.
Стиляна Николова чемпион атанса, Ева Брезалиева күміс жүлдеге ие болды. Эльжана Таниеваға қола медаль бұйырды.
Биыл ақпанда Эстонияда өткен Гран-при турнирінде Эльжана Таниева күміс жүлдегер атанған еді.