Қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

2 505

Хоккейден әлем чемпионатының "А" дивизионында бақ сынап жатқан Қазақстан жастар құрамасы топтағы бірінші ойынды жеңіспен бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



 Отандастарымыз мажар елінен келген замандастарын 5:2 есебімен айқын ұтты. Будапеште өткен ойында Қазақстан жастар құрамасы сапында Дәулет Нұркенов (4-минут), Егор Смольянинов (13-минут), Артем Авдеенко (49-минут), Всеволод Логвин (53 және 58-минуттар) шайба соқты. 


Жас хоккейшілеріміз екінші ойынын бүгін Данияға қарсы өткізеді. Скандинавия елінің өкілдері алғашқы ойында Францияға жол берді. 


Топта отандастарымыз Венгрия мен Даниядан бөлек Франция, Жапония және Австрияға қарсы ойнайды


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.