Азия чемпионатында Айжамал Сансызбаева күміс медаль иеленді

517
Ташкент  қаласындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде еліміздің  қанжығасы бір медальмен толықты, деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Ауыр атлетика федерациясы мәлімдегендей, жерлесіміз Айсамал Сансызбаева әрбір жаттығуда және қоссайыста күміс медаль жеңіп алып, тұғырдың екінші сатысынан көрінді.

24 шілде күні ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алған еді. 

Жасөспірімдер арасында 102 келіде Никита Абдрахманов алтын медаль алып, қоссайыстың нәтижесінде 354 (158-196) келіні бағындырды. 

Ал 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Жолтай Санжар (102 келі), 20 жасқа дейінгі жастар арасында Динара Қыпшақбай (81 келі) қола жүлдеге ие болды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.