Бибісара Асаубаева «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды

1 775

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бибісара шахматтан «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды. Оған бұл атақты бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов табыстады. Айта кетейік, соңғы 30 жылда еліміз бойынша шахматтан еңбек сіңірген спорт шебері атағын ешкім алмаған», - деп мәлімдеді шахматшының анасы Лиана Таңжарықова.


Қоса кетсек, Бибісара Асаубаева - Тараз қаласының тумасы.


Ол бүгінге дейін әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алған.


2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағына лайықты деп танылды.


Бұған қоса, Бибісара 2021 жылы шахматтың рапид түрінен әлем чемпиоантының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған.