Қазақстан еркін күрестен Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды

2 500

Фото: UWWАрменияның Ереван қаласында еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир аяқталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Отандастарымыз аталған бәсекеде сегіз медаль жеңіп алды.

Бірінші жарыс күнінде Асхаб Хаджиев 86 келіге дейінгі салмақтың финалында 2025 жылғы әлем чемпионы Захид Валенсиямен (АҚШ) кездесіп, 12:11 есебімен басым түсті. Дәл осы салмақта Рүстем Мырзағалиев үшінші орынды иеленді.

65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс, Әділ Оспанов қола медаль жеңіп алды. 74 келіге дейінгі салмақта Дархан Есенғали үздік үштікті түйіндеді.

Екінші жарыс күнінде Мейрамбек Қартбай (61 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Ернұр Нұрғазы (70 келіге дейін), Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қоламен күптелді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.