Данияр Елеусінов бокстағы болашағы туралы айтты

2 505

Фото:instagram yeleussinovdaniyar/Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов алдағы жоспарлары туралы айтып, кәсіпқой мансабын жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы Threads желісіндегі парақшасында өз жағдайы туралы сұрақтарға жауап берген видео жариялады. Елеусіновтің айтуынша, қазір ол АҚШ-та жүр және шаршы алаңға қайта шығуды жоспарлап отыр.

«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі. Барлығы менің қандай мәселелерім барын, бәрі дұрыс па екенін сұрап жатыр. Менде бәрі жақсы, бәрі қалыпты, Штаттамын. Әрі қарай бокстасуды жоспарлап отырмын. Бұйырса, егер қолымнан келсе, бокстасамын. Келмесе - ештеңе етпес. Өз өмірімде қалағанымның бәріне қол жеткіздім, олимпиада чемпионы болдым», - деді Елеусінов.

Сонымен қатар спортшы өз тәуелсіздігін сақтап, өз пікірін ашық айта алу мүмкіндігі маңызды екенін атап өткен.

«Маған: «Жұмысқа бар», - дейді. Иә, мен қарсы емеспін. Бірақ біреуге тәуелді болғым келмейді, өз пікірім болғанын, пікіріммен санасқанын қалаймын. Бірақ біздің елде мұндайға қол жеткізу қиын. Мен біреудің күзетшісі де, біреудің көңілдесі де емеспін. Мен жай ғана чемпионмын, елдің мақтанышымын», - деді боксшы.

Сондай-ақ Елеусінов жаңа жобалармен айналысуға және шетелдегі тәжірибені Қазақстанда қолдануға дайын екенін қосты.

«Егер қолымнан келсе, тырысамын. Егер елім, халқым менің жағымда болса, жұмыс істеймін, шетелде бар жаңа нәрселерді жасаймын. Егер берсе. Міне, осындай жағдайлар», - деп түйіндеді спортшы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.