Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде «қола» жүлде иемденді

455
Қазақстандық Алан Құрманғалиев Словакияда үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Senec халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

А.Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік өнер көрсетті. Ол Джамдиэль Торрестен (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичтен (Польша), Степан Брхельден (Чехия), Рохелио Кастродан (Мексика), Андре Бертельсмайерден (Германия) басым түсіп, үшінші орын алды.
Сондай-ақ аталған турнирде Қазақстанның тағы бір өкілі - Санжар Жұбанов үш рет жеңіске жетіп, 1/8 финалға өтті.