«Бейжің-2022» еліміздің медаль алмауының себебі анықталды

429
Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының  спортшылардың «Бейжің-2022» олимпиадасында неліктен медаль алмауының себебін атап өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

   Бүгінде аспан асты елінде өтіп жатқан қысқы ақ олимпиада да Қазақстанның қоржынында әзірге жүлде жоқ. Осы орайда Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов айтулы жүлдеге қатысты мән-жайды түсіндірген болатын.
Оның айтуынша, 
«Әрине, спортшыларымызға патриоттық сезім туралы үнемі айтып отырамыз. Жалпы қысқы спорт түріне келсек, бізде 2 кешен бар. Бірі Алматыда, екіншісі Щучинскіде. Жалпы айтқанда, қысқы спорт түрі мен әр алаңның өзіндік қыр-сыры бар. Яғни спортшы сол жерге барып дайындалмаса болмайды. Демек отандық спортшылар шетелге жиі шығып, дайындалуы тиіс», - деді Елсияр Қанағатов Бейжіңнен тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.