Каратэші Жапониядағы турнирде алтын жеңіп алып, жапон иеніне ие болды

2 508

Фото:© telegram/Turizm_jane_sport_ministrligiҚазақстан құрамасы Жапония астанасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді "Чемпиондардың чемпионы TOP-9" халықаралық жарысында 2 медаль жеңіп алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ерлер арасында Анджей Кинзерский барлық қарсыласынан айласын асырып, алтыннан алқа тақты. Жартылай финалда ол Энтас Хаускастан (Литва) 5-0 есебімен басым түскен. Финалда Анджей тағы бір отандасымыз Антон Зимаревпен күш сынасты. Антон Паулюс Зимантасты ұтып, шешуші жекпе-жекке жолдама алған. Фото:© telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Биыл жарыс барысында алғаш рет екі шетелдік спортшы ақтық сынға шығып отыр. Нәтижесінде Анджей бас жүлде 10 миллион жапон иеніне, ал Антон 2 миллион иенге ие болған.  Жалпы турнир ерлер арасында әлемнің таңдаулы 9, әйелдер арасында 8 үздік татами шеберінің басын қосқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.