Спартакиадаға Қазалы ауданынан 80 спортшы қатысады

443
Қызылорда қаласында облыстық VІІ «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарынан спартакиада басталады, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
13-тамызға дейін жалғасатын спартакиадада Қазалы ауданының намысын 80-нен астам спортшы қорғайды. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі.


Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев «Жалаңтөс батыр» атындағы орталық стадионда соңғы жаттығуларын өткізіп жатқан спортшылармен кездесіп, төрт жылда бір келетін дүбірлі додада жеңіске жетуге тілектестігін білдірді.


Ал, ардагер спортшы Әбдірейім Шүренов қазалылықтарға ақ батасын беріп, спортшыларға сәттілік тіледі.Айта кетейік, қазалылық спортшылар тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, қол күресі, гір көтеру, жазғы президенттік көпсайыс, шағын футбол, волейбол және үстел теннисінен жарыс жолына шығады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.