Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жарыстың бірінші ракеткасын ұтты

2 527

Фото: KTFҚазақстандық, әлемнің 236-ракеткасы Дмитрий Попко Сарасоте (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда сенсация жасап, әлемнің – 102, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеффри Джон Волфты қапы қалдырды.


Бірінші партияда Попко тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды – 7:6 (7:5). Ал екінші сетте бет қаратқан жоқ – 6:1.


Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Америкалық теннисші 4 эйс, 1 брейктен аса алмады.


Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін америкалық тәжірибелі теннисші, рейтингіде 284-орындағы Теннис Сандгренмен шеберлік таластырады.