Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2 660

Фото: ҰОКҚазақстандық зілтемірші Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, қоссайыстың қорытындысы бойынша Чуркин 368 (164+204) келіні көтеріп, екінші орынға ие болды. Жеңіс Солтүстік Кореялық Ри Чон Чонға бұйырды, оның нәтижесі – 371 (166+205) келі. Қола медальды Мухаммадқодир Тоштемиров 355 келі: 165+190) жеңіп алды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.