Қыздар мергендігі: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үздік үштікке енді

2 535

Фото: Спортты дамыту дирекциясыҚазақстан әйелдер құрамасы Каирде өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында командалық есепте қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жарыс винтовка және тапаншадан 50 метр қашықтыққа үш қалыпта ату бағдарламасы бойынша өтті. Қазақстан құрамасының намысын Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская қорғады.

Әлем чемпионаты Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) ұйымдастыруымен Мысырдың Каир қаласында өтуде. Жарыс 18 қарашаға дейін жалғасады.

Биылғы додаға 71 елден 697 спортшы қатысуда. Қазақстан сапында ұлттық рейтинг пен республикалық жарыстардың нәтижелері бойынша іріктелген елдің үздік 15 мергені сынға түсіп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.