Бүгін футболдан «Қайрат» пен «Пахтакор» командаларының жолдастық кездесуі өтпек

1 263

Бүгін Алматыда футболдан қазақстандық «Қайрат» және Өзбекстанның «Пахтакор» командалары жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу бүгін, 19 шілдеде Алматы қаласындағы Орталық стадионда елорда уақытымен 20:00-де басталады.


Орталық Азиядағы қос команда арасындағы дерби тоқсаныншы жылдарға дейін жанкүйерлерге үлкен қызығушылық туғызатын. Соңғы рет командалар 1990 жылдың 15 мамырында КСРО біріншілігінде өтті. Бұл жолы «Пахтакор» 1:0 есебімен басым түсті.


Биылғы жылдың ақпан айында Ташкент қаласында болған алғашқы жолдастық кездесуде өзбекстандық клуб 4:3 есебімен жеңген еді. Алматылық клубтан Гүлжігіт Алықулов және Жоао Пауло (2 гол) көзге түсті.


Еске салсақ, 29 шілдеде «»Super Bol 2.0 жобасы» бойынша Астанада футболдан гранд-финал өтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.