Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

2 541

Фото: ktf.kzҚазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Бари (Италия) челленджер жарысының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық теннисші португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска – румыниялық Ирина Барэнің меселін қайырды.


Қазақстандық-португалиялық жұп 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Олар сағат жарымға созылған ойын барысында 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Аргентиналық-румыниялық дуэт 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.


Ж.Құламбаева – Ф.Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, қазақстандық Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының қай жеңгенімен таласады. 


Жібек Құламбаева жекелей сында осы доданың алғашқы айналымында әлемнің 102-ракеткасы, мексикалық Рената Сарасуадан өте алмады – 3:6, 2:6.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.