29 жастағы шаңғышы 9 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

2 509

Фото:Olympic.comЙоханнес Клебо Норвегиялық атақты шаңғышы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи межені бағындырған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

29 жастағы спортшы эстафета жарысында жеңіске жетіп, Олимпиада ойындарының 9 дүркін чемпионы атанған.

Бұл көрсеткіш қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы рекордтық нәтиже саналады.

Эстафетадағы бұл медаль – оның осы Олимпиададағы төртінші алтыны. Ол бұған дейін скиатлон, спринт және жеке жарыста топ жарған.

Клебо 2018 жылы Пхёнчхан қысқы Олимпиадасы ойындарында 3 алтын, 2022 жылы Бейжің қысқы Олимпиада жарысында 2 алтын жеңіп алған. Ал Миланда өтіп жатқан Олимпиадада 4 алтын медаль иеленіп отыр.

Сондай-ақ норвегиялық шаңғышы Бьорн Дэли 8 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алған. Ал Оле Эйнар Бьорндален қоржынында 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль бар.