Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

522
Қазақстандық жас теннисшілер Анталия қаласында (Түркия) өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Жанель Рүстемова бастапқы кездесуінде түркиялық Лейла Елмазды ойсырата ұтты – 6:3, 6:0.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда жарыстың 5-ракеткасы, ресейлік Анна Урекемен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова үш сетке созылған тартысты бәсекеде швейцариялық Катерина Цыгурованың меселін қайырды - 5:7, 7:5, 6:4.

Аружан ширек финалға шығу үшін швециялық Юлия Локвистпен таласады. Ол сонымен қатар жұптық сында да сәтті өнер көрсетуде. А.Сағындықова тайбэйлік Ю-Юн Лимен бірге чехиялықтар Изабелла Хензова – Луча Застерованы 6:2, 7:6 (7:2) есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды.

Сандуғаш Кенжебаева алғашқы айналымда жекелей сында чехиялық Дениса Хардинковаға есе жіберді – 1:6, 1:6.

Италияның Соларино қаласында өтіп жатқан дәл осындай ITF World Tennis Tour W15 додасында 15 жасар Зара Дәркен негізгі турнирге өткенімен, бірінші айналымда ұлыбританиялық Абигейл Амосқа жол берді – 4:6, 3:6.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.