Ұлттық құрама көкпардан финалға шықты

2 130

Фото: gov.kzКөкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты. Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды.


Финалда Қазақстан Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады. «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі.


Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.